Қазақстандықтарға декларация тапсыру мерзімі туралы ескертілді

Мемлекеттік кірістер комитеті ведомствоның жалпы декларацияны тапсыру мерзімін кейінге қалдыру жоспары жоқ екенін ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұған дейін жалпыға бірдей декларация тапсыру кезеңдерінің басталуы кейінге қалдырылған болатын. Қазіргі кесте түпкілікті ме, әлде болашақта бұлда өзгеріп қалуы мүмкін бе?» — деп сұрады Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтан ОКҚ брифингінде журналистер.

«Мен бүгін айтқан кезеңдер 2020 жылы қабылданды. Норма Салық кодексінің шеңберінде белгіленді. Оған сәйкес, жылжып келеміз. Біріншіден, мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, қазір кәсіпкерлер, содан кейін барлық басқа азаматтар. Менің ойымша, ешқандай өзгеріс болмайды», — деп жауап берді ол.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізу туралы 10 жыл бұрын айтыла бастады. Бірақ тек 2017 жылы жалпыға бірдей декларацияға кезең кезеңімен көшу бекітілді:

  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (және оларға теңестірілген) және олардың жұбайлары;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыбы) тапсыруы тиіс; жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары жалпыға бірдей декларацияға қосылады.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.