Қазақстандықтарға 800 миллионға жуық қаражат қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шоттарында 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту кезеңінде не биылғы жыл ішінде (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.

2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157 390 теңгеге тұтынушыларды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді, оның ішінде:

  • Астана қаласы бойынша — 2 279 970 теңге;
  • Алматы қаласы бойынша — 95 405 360 теңге;
  • Шымкент қаласы бойынша — 20 208 830 теңге;
  • Абай облысы бойынша — 13 594 640 теңге;
  • Алматы облысы бойынша — 18 100 470 теңге;
  • Ақмола облысы бойынша — 33 522 870 теңге;
  • Атырау облысы бойынша — 10 698 190 теңге;
  • Ақтөбе облысы бойынша — 37 701 480 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 354 460 650 теңге;
  • Жамбыл облысы бойынша — 15 098 450 теңге;
  • Жетісу облыс бойынша — 6 073 800 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша — 1 187 850 теңге;
  • Қостанай облысы бойынша — 31 998 480 теңге;
  • Қызылорда облысы бойынша — 38 588 600 теңге;
  • Маңғыстау облысы бойынша — 60 948 780 теңге;
  • Павлодар облысы бойынша — 4 128 560 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 24 136 770 теңге;
  • Түркістан облысы бойынша — 23 640 теңге.

Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.

«Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге мүмкіндік беретінін, бұл ретте жылыту маусымында мүмкін болатын артық төлемді алып тастауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бүгінде еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аспаптармен жабдықталу деңгейі шамамен 75 пайызға тең», — делінген хабарламада.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.