Қазақстандықтардың 41,2 пайызы ғана жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дабыл дыбысын естиді

Қазақстандықтардың 41,2 пайызы ғана жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дабыл дыбысын естиді. Бұл ретте тиісті жүйелерді жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауаптағы мәлімет бойынша, бүгінде Қазақстанда 3578 дабыл-дыбыстау құрылғысы мен электр сиреналары бар. Ең көбі (843) Алматыда, ең азы (39) Абай облысында орнатылған.

2016-2023 жылдар аралығында, яғни жеті жылда ескерту жүйелерін жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған. Оның 88,5 пайызы жергілікті бюджеттен, 11,5 пайызы республикалық бюджеттен бөлінген.

Айта кетейік, Астанада бір бөлмелі пәтердің орташа құны шамамен 18 миллион теңге болады. Осылайша, көрсетілген сомаға елордада 550-ден аса пәтер сатып алуға болар еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен көптеген қазақстандық оқу-жаттығу кезінде өз қаласында дабыл дыбысын неге естімейтінін сұрадық.

«Бүгінде республика бойынша халықты қамту 41,2 пайыз болып отыр. Бұл қалалар мен облыстардың барлық аудандары тиісті деңгейде хабардар ету құрылғыларымен қамтылмаған болуы мүмкін екенін білдіреді. Кейбір елді мекендер ескерту жүйелерімен жабдықталмаған, ал дабыл құрылғысы бар жерлерде олардың шалғай орналасуына байланысты бекітілген аумақта естілмейді», — деп жауап берді министрлік.

Бұл мәселені шешу үшін техника қажеттілігі тағы да қайта есептелген. Алайда министрлік бұл нені өзгерткенін нақтыламады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, тозығы жеткен техника мүмкіндігінше жаңартылады.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.