Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Тариф қалай өзгереді?

Жаңа тәртіп бойынша, ақылы тұрақ бағасы үш деңгейге бөлінеді:

  • 100 теңге – көлік жүктемесі төмен аумақтарда;
  • 150 теңге – орташа жүктемелі жерлерде;
  • 200 теңге – көлік қозғалысы көп және тұрақ орны тапшы аумақтарда.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа тариф жүйесінің негізгі мақсаты – тұрақ орындарының айналымын арттырып, жүргізушілердің бос орын іздеуге жұмсайтын уақытын азайту.

Тұрғындарға жеңілдік беріледі

Ақылы тұрақ орналасқан аумақта тұратын тұрғындар үшін тегін тұрақ қою мүмкіндігі сақталады. Ол үшін көлік иесі резиденттік рұқсат рәсімдей алады.

Мұндай рұқсат тұрғын үйге жақын орналасқан таңдалған тұрақта бір көлікті тегін қоюға мүмкіндік береді. Кейбір санаттағы азаматтарға арналған жеңілдіктер де сақталады.

Алматыда резиденттік тұрақ жүйесін енгізу мәселесі бұған дейін тұрғындардың наразылығынан кейін көтерілген. 2026 жылғы 17 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында 354 тұрғынға үйінің маңындағы ақылы тұрақты тегін пайдалануға мүмкіндік беретін рұқсат берілген.

Тарифті саралау туралы шешім

Ақылы тұрақ тарифтерін өзгерту мәселесі Алматыда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. 18 қыркүйекте Алматы қаласы жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диқанбаев коммуналдық тұрақтар үшін бірыңғай тарифтің орнына сараланған жүйе енгізу ұсынылғанын айтқан:

«Жаңа тарифтік кесте екі негізгі критерийге сүйенеді. Біріншісі — көлік жүктемесі, ал екіншісі — аумақтың функционалдық бағыты», — деді Ержан Диқанбаев.

Қала әкімдігі жаңа жүйе тұрақ орындарының тиімді пайдаланылуына, көлік қозғалысын реттеуге және тұрақ ережелерін бұзу жағдайларын азайтуға ықпал етуі мүмкін.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.