Қазақстандықтардың банктерге берешегі қанша?

Қазақстандықтардың банкке берешегі 24 трлн теңгеден асқан, ал қарызы бір жылда 22,9 пайызға артқан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

1 қаңтардағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың банкке берешегі 24 триллион теңгеден асқан. Жұрттың қарызы тек бір жыл ішінде 22,9 пайызға артқан. 

Соның ішінде кепілсіз несие және ипотека деп бөліп қарасақ, оқуға, үй жөндеуге ақшалай немесе тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге кепілсіз ақша алғандардың саны 8 миллионнан асып кеткен. Ал оның өсімі 23 пайызға жетіп, 12 триллион теңгеге жақындаған. Баспаналы боламын деген жұрттың қарызы бір жылда 14 пайызға өсіп, 6,7 триллион теңге болған. Яғни оның жартысынан көбі 2023-2024 жылдары алынған.

Мәліметке сүйенсек, автонесие де көш басында. Елімізде 559 мыңнан аса адам несиеге көлік алған. Жалпы берешектің 45 пайыз үлесі соларға тиесілі. Ақшаға шаққанда 3,6 триллион теңге. Бұл мәліметтерді бірінші кредиттік бюро ұсынды.

«Қазақстандықтардың банктерге берешегі — 24 триллион теңге. Бір жылда жалпы қарыз сомасы — 22,9%, тұтынушы несиелері — 22,9%, ипотекалық қарыз алушылар 14,1%-ға өскен, ал автонесие бойынша берешек — 44,8%», — деп жазылған мәліметте.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.