Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

Көктемнің бірінші айында қазақстандықтар үшін демалыс күндері көп, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызда қазақстандықтар бірден екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.

Нәтижесінде 2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз — демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні.

Наурыз — жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін 21-25 наурызды қоса алғанда бес күн қатарынан демалыс;
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін демалыс күндері 21, 22, 23 және 24 наурыз болады, ал сейсенбі, 25 наурызда жұмысқа шығады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.