12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтар МӘМС жүйесіне аударым жасамағаны үшін жазалана ма?

Қазақстандықтар түптеп келгенде МӘМС жүйесінде сақтандырылмағаны үшін жазалана ма? Бұл сұраққа «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым жасамағандар белгілі бір медициналық анықтама алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу, қару сақтау және т.б. үшін қажет.

Алайда Медициналық сақтандыру қоры мұндай мәселенің күн тәртібінде жоқ екенін атап өтті.

«Біріншіден, қор уәкілетті орган емес, заң шығарушы орган емес. Біз ең алдымен Денсаулық сақтау министрлігі, үкімет және т.б. шығаратын бұйрықтар, ережелер негізінде жұмыс істейтін қаржы институтымыз. Сондықтан мұндай мәселе қазір күн тәртібінде мүлдем жоқ», — деп жауап берді Ілияс Мұхамеджан.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарды жазалау туралы ұстанымын білу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне де хабарластық.

«Қазіргі уақытта міндетті медициналық сақтандыру бойынша сақтандырылмаған азаматтардың көлік жүргізу, қаруды иелену немесе куәлік беру құқықтарын шектеу шаралары қарастырылмаған және талқыланып жатқан жоқ», — деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Гаухар Бисарина.

Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады.

Астанада қала күні 39 сәби дүниеге келген

Астанада 6 шілдеде 39 сәби дүниеге келген.

500 мың сириялық босқын Отанына оралды — БҰҰ

Мыңдаған сириялық босқын былтыр Башар Асад үкіметі құлағаннан кейін Отанына орала бастады.

Техастағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 80-нен асты

АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 81 адамға жетті, тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.