Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады: бұл кімдерге қатысты?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау бойынша маңызды мәлімдеме жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің үкімет отырысында айтуынша, жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі аясында жүйеге 4,8 миллион адам енгізілген. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары, квазимемлекеттік сектор өкілдері және олардың жұбайлары бар.

2025 жылы декларация тапсыруы тиіс 8 миллион адамды деректер базасын цифрландыру мен қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуын ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан босату ұсынылды.

Оның айтуынша, жеңілдік жеке құрылым қызметкерлерін, зейнеткерлерді, үй шаруасындағы әйелдерді, студенттерді және басқа да азаматтарды қоса алғанда, жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына қатысты болады.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындап, оларды Парламентке енгізуді тапсырды.

«Қазіргі уақытта декларацияны 4 миллионнан аса адам тапсырып жатыр. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы қалған барлық санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған еді. Бұл халық арасында алаңдаушылық туғызды, оған Мемлекет басшысы да назар аударды», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың деректер базасы Қазақстанда «максималды цифрландырылғанын» атап өтті. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілген. Халықаралық келісімдер аясында шоттар бойынша мәлімет алмасу жолға қойылған. Цифрлық қызметтер кеңінен таралған. Сондықтан жалпы алғанда жеке тұлғалардың активтері туралы барлық ақпарат бар.

«Осы мақсатта Қаржы және Цифрландыру министрліктері екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, барлық цифрлық базалардан мәліметтер алуды қамтамасыз етуі керек. Бұл деректерді тіркеу және салықтық бақылау үшін қажет. Сондықтан 2025 жылы қалған азаматтар санаттарын активтер туралы декларация тапсыру міндетінен босату туралы қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын», — деді Бектенов.

Айта кету керек, азаматтарға ерікті декларация тапсыру құқығы беріледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.