Қазақстандық судьяға тіл тигізген: ол қалай жазаланды?

Семей №2 сотында судьяны қорлау түрінде сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.

Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.

«Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтары, сотталушының сөзінде ар-намыспен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді», — делінген хабарламада.

Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.