Қазақстандық компаниялар ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларына ұшырады

Еуроодақ Ресейге қарсы он үшінші жеке және экономикалық санкциялар пакетін қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Кеңес Ресейдің Украинаға қарсы соғыста әскери-өндірістік кешенін тікелей қолдайтын 27 жаңа ұйымды қосты. Бұл ұйымдардың кейбірі үшінші елдерде орналасқаны, олардың тізіміне Қазақстан да кіретіні атап өтілді. Басқа елдерге Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Таиланд және Түркия кіреді.

Баспасөз хабарламасындағы мәлімет бойынша, осы елдердің компаниялары сауда шектеулерін айналып өтуге тартылған, ал басқалары Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электрон компоненттерді әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге қатысатын ресейлік ұйымдар.

«Оларға қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық тұрғыдан нығайтуға ықпал ететін тауарлар мен технологияларға экспорттық шектеулер күшейтіледі», — делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы ЕО шектеу шаралары қазіргі уақытта 2 мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.