Қазақстандық казинолардың табысы қанша?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қазақстандық ойын мекемелерінің жыл сайын қанша табыс табатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылы ойын және бәс тігу қызметімен айналысатын салық төлеушілердің жалпы жылдық табысы 1 триллион 48 миллиард 900 миллион теңге (1 048 900 000 000 теңге) болған.

«2023 жылы ойын және бәс тігу қызметімен айналысатын салық төлеушілердің жалпы жылдық табысы 1 триллион 270 миллиард 100 миллион теңгені (1 миллион 270 миллион 100 миллион теңге) болды», — деп хабарлады комитет өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.

Мемлекеттік кірістер комитетінде 2024 жылға арналған мәліметтер әлі жоқ, өйткені салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

Алайда лотерея операторларының табысы — салықтық құпия.

«Бүгінде Қазақстанда бірыңғай лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ жұмыс істейді, Салық кодексінің 30-бабына сәйкес лотерея операторының кірісі туралы ақпарат салық құпиясына жатады және салық төлеушінің жазбаша рұқсатсыз жария етілмейді», — деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

Қазақстандықтардың ойын орындарында қанша ұтылғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарынан ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда Ақмола облысы Щучье ауданының аумағында және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында казино қызметіне ресми түрде рұқсат етілген.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілісте ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр. Сәуірде құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Егер қабылданса, жаңа заң мемлекеттік қызметкерлер мен қарыздар тізілімінде тұрғандарға құмар ойындарға тыйым салуды енгізуі мүмкін. Сонымен қатар, ол букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салады. Енді 25 жастан асқан азаматтар құмар ойындарға қатыса алады.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.