Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккендерге қанша үй салынады?

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 1 828 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Қанат Шарлапаев Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік бүлінген деп танылғанын айтты. Олардың 17 295-і бойынша зертеу нәтижесі бар. 2 245 нысан салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.

«Бүгінде республика бойынша 1 828 тұрғын үй құрылысы басталды, бұл 81 пайыз болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысында қарқын мен жұмылдыру төмен болып отыр. Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысында 2 122 үй әлі су астында. Техникалық сараптама қорытындысының жоқтығына қарамастан, меншік иелеріне тұрғын үй салу және сатып алу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Шарлапаев.

Министрдің айтуынша, жылжымайтын мүліктері жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1943 жылжымайтын мүлік сатып алынған. Бүгінде 1 772 үйдің иелері төлемдерін алды.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.