Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жағдай туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Атырау облысының Құлсарыда су басқан 20 үйден мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станциялары арқылы тәулік бойы су сору жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 20982 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл мен Қызылжар ауданында 24 сағат ішінде 184 үйден су бұрылып, сорылды.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Күйліс ауылында Торғай өзеніндегі су деңгейінің біртіндеп артуына байланысты ұзындығы 2,5 шақырым бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мың инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізіледі. Жағдай ерекше бақылауда», — деді Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде.

Республика бойынша барлығы 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды. 49 945 адам үйлеріне оралды.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?