12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар», — делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, 10,5 миллион м3 астам еріген қар суы сорылған, 3,4 миллионнан астам қапшық пен 1,4 миллион тонна инертті материал төселген. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылған.

«Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй мен 1 091 аула аумақтары су астында қалды», — делінген хабарламада.

Ақмола облысында қардың қарқынды еруіне және Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Двуречное ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 47 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Ақтөбе облысында Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 25 адам уақытша орналастыру пунктіне эвакуацияланды. Белшер және Мамыр ауылдарына 500 литр жанар-жағармай және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында, Кожевенный кентінде 348 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 3031 саяжай құрылысы су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. ТЖД және ЖАО қызметтері Петропавл қаласының және облыс аудандарының эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысып жатқына айтылды.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.