Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі уақытта не белгілі

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық басқару орталығында өткен брифингте ТЖМ өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасып, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жалғасып жатыр.

«Өңірлерден ТЖ министрлігінің қосымша күштері мен құралдары тартылып жатыр. Келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, жұмысқа кірісті. Өткен тәулікте Оралдағы «Стеновик» бау-бақша қоғамынан 4 адам құтқарылып, 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала эвакуацияланған болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пункттерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжай үйлерде қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру мақсатында аралау жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, осы сағатта 23 085 адам өз үйлеріне оралған. 8 872 адам, оның ішінде 3 852 бала эвакуациялау пункттерінде.

«4 554 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,4 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 миллион қапшық және 1,4 миллионнан астам тонна инертті материал төселді».

Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында 5 842 жеке тұрғын үй мен 1 061 аула аумағынан судың бағытын бұру және су сору жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

«Су жүрген 32 автожол, су шайған 56 автожол, оның ішінде 9 көпір және 45 жол төсемі бақылауда қалуда. 32 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түсті.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 852 адам, 4 973 техника, 874 су сору құралы, 389 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.