Қазақстандықтар шілде айында қатарынан үш күн демалады 

2026 жылдың шілде айында Қазақстанда тек бір ғана ресми мереке болады. Дегенмен, ел тұрғындарының бір бөлігі қатарынан үш күн демала алады.

Айдың жалғыз мемлекеттік мерекесі – 6 шілдеде аталып өтеді. Ол — Астана күні. 2026 жылы бұл күн дүйсенбіге сәйкес келеді.

Осының арқасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалу мүмкіндігіне ие болады.

Ұзақ демалыстар қашан болады?

Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін келесі күндер демалыс болып саналады:

  • 4 шілде (сенбі);
  • 5 шілде (жексенбі);
  • 6 шілде (дүйсенбі, Астана күні).

Осылайша, шілде айының басында үш күндік демалыс болады.

Шілде айында барлығы неше демалыс күні бар?

Мерекелік дүйсенбіден бөлек, қазақстандықтар әдеттегі кесте бойынша мына демалыс күндері демалады:

  • 11 және 12 шілде;
  • 18 және 19 шілде;
  • 25 және 26 шілде.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың шілде айында тоғыз демалыс күні бар.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де 6 шілде қосымша демалыс күні болып есептеледі. Бірақ қалған сенбі күндері жұмыс күні болып қала береді.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.