ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Бүгінгі қазақ қоғамында «Гендерлік саясат» деген сөз естілсе мұны феминистік қозғалыс дейтіндер де аз кездеспейді. Оны еркектерді басып, әйелдерді көтеру, шексіз билікке қол жеткізу деп түсінбеуіміз қажет.
Гендерлік теңсіздік көпшілік әлеуметтік құрылымда тереңдеп орнықты, қоғамдық пікір жыныстық теңсіздіктің біздің өмірімізде типтік емес, кездейсоқ құбылыс деп есептей отырып, үнемі әйелдердің кемсітушілікке ұшырауын бәрі-бәрі бағалай бермейді. Әйелді кемсіту фактісі әйелдердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне жасырын формада гендерлік әлеуметтік шиеленісті туындата отырып, теріс әсер етеді. Біршама ұзақ тарихи тәжірибе жинақтағанымен, адамзаттың өзінің бүкіл әлеуметтік қарама-қайшылықтарын шешуге қол жеткізе алмағандығы байқалады. Аналитиктер қоғамда әлеуметтік қатынастарды құрастырудың жаңа принциптерін әзірлеу, саяси ойлаудың ауқымды өзгеруі қажет деп атап көрсетті.
Әйелдер еркектермен бірдей білім алуға, оның ішінде жоғары білім алуға конституциялық «тең» құқығы бар елдерде ол оны толықтай пайдаланады. Отбасы ауыртпалығынан, үй шаруашылығынан бос әйел ЖОО, колледждерде жақсы оқиды, тіпті білім алуда көшбасшы болады.
Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс — ұлттық гендерлік саясат.Елбасы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік тепе-теңдіктің стратегиясы билік пен қоғамның әрекет етуінде ерлер мен әйелдердің теңдігіне бағытталған.Халықаралық стандарт принциптеріне негізделген еліміздің нормативтік-құқықтық базасы жүйелі түрде жетілдірілген. 2009 жылдың желтоқсан айында алғаш рет гендерлік бағытталған заңнама – «Тұрмыс қажеттілігіне күштеуді жою», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне байланысты мемлекеттік кепілдеме» заңдары қабылданд Басқару саласында әйелдер айтарлықтай көп.
Гендерлік саясатты тек статус, атақ пен мансап тұрғысынан емес, өзара келісім, бөлісу мен теңдік тұрғысынан алып қарасақ, гендерлік саясат жоғарыдағы көрсетілген мәселелерге өз септігін тигізері сөзсіз.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының сот әкімшісі М.Ы.Жебелханова

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...