Қазақстандағы «ең бай зейнеткер» қанша алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, қор ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асады (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 33 921 теңгеге, ал ең жоғары айлық төлем 945 752 теңгеге тең болған.

Айта кетейік, БЖЗҚ мамырда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялаған болатын. Ол кезде де дәл осындай сома болған – 945 752 теңге.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.