Қазақстандағы “ең бай зейнеткер“ қанша алады? БЖЗҚ мәліметі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемінің сомасын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, елдегі «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты орташа ай сайынғы төлем сомасы — 33 865 теңге.

БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты тіркелген.

«Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер түріндегі түсімдердің есебінен артып келеді. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асқан (былтырғымен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өсті)», – делінген хабарламада.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.