12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті.

Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған негізгі халықаралық келісімдер мен құжаттардың қатысушысы болып табылады.

Олардың ішінде әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Бейжің іс-қимыл платформасы, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ әйелдердің саяси құқықтары және ерлер мен әйелдердің еңбегіне тең сыйақы туралы конвенция бар. Бұл құжаттар елдің гендерлік теңдік қағидаттарына берілгендігін көрсетеді.

 2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан алғаш рет әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою мәселелерімен айналысатын CEDAW комитетінің (аудармада – әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті) құрамында ұсынылды. Бұл Орталық Азия үшін халықаралық құқық қорғау процестеріндегі маңызды қадам болды.

 БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан заңнамалық деңгейде ерлер мен әйелдер құқықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. 2024 жылдың 16 маусымынан бастап әйелдер мен балаларды қорғауды күшейтуге бағытталған заң күшіне енді. Онда зорлық-зомбылық үшін жауапкершіліктің қатаң шаралары және отбасы институтын нығайту шаралары қарастырылған.

Үкімет сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналған гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті.

Қылмыстық-процестік кодексіне зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер мен өтемақы алуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.

Полицияда әйелдер мен балаларға қатысты істерді тергеу бойынша арнайы тергеу топтары құрылды, оларға 260-тан астам әйел тергеуші тартылды.

Елдегі дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетеді. 2024 жылы мұндай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінген, оның 3,7 мың – балаларымен бірге қамтиды.

Уәкіл институты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама дайындады. Ол елдегі жағдайды, халықаралық тәжірибені және осы мәселемен күресудің ұлттық шараларын талдайды. Баяндамада гендерлік кемсітушілікті жоюға және теңдік мәдениетін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар бар. Кейбір ұсыныстар қазірдің өзінде жүзеге асырылды: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді, қылмыстың алдын алу және зардап шеккендерді оңалту жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы әйелдер құқығын бұзу мәселелері бойынша жолданымдар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Көбінесе олар отбасындағы зорлық-зомбылыққа, мүліктік дауларға және алимент міндеттемелеріне қатысты.

Мемлекеттік органдар азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру, стереотиптерді еңсеру және Қазақстанда әйелдер мен қыздар үшін қауіпсіз орта құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Гүлнар Жәнібекова

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

Ақмола облысы бойынша өкілі

Арманын ақиқатқа айналдырған маман

Мамандықтың қиындығына қарамастан қылмыстық –атқару жүйесі саласында қызмет атқарып...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы...

Нархоз университетінде Марат Қоғамовтың көшбасшы дәрісі өтті  

Құқықтық реформалар және қылмыстық процестегі сын-тегеуріндер Нархоз университетінің Құқық және...

Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары A-400M ұшағын сынақтан өткізуде

Қазақстанның әскери-әуе күштері жаңа A-400M ұшағын игеру және ұшуды...