Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгертілді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметі өзгерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.

«Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты суреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек».

Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Енді жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайсыз. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде – 120 минутты алады.

Қызметті үш рет басып алуға болады:

  • eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және «Көлік және коммуникация» бөліміне өтіңіз;
  • қызметтер тізімінен «Жүргізуші куәлігін алу» тармағын таңдаңыз және барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;
  • ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.

Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.