Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді

ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, — деп хабарлайды Tengri Auto.

Жаңа тәртіпке сәйкес6 құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

  • жүргізуші куәлігі — 4 367 теңге;
  • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік — 2 250 теңге;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері — 3 923 теңге (жиынтық үшін);
  • «ТРАНЗИТ» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері — 126 теңге.

Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.