Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынады?

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарына жаңа ғимараттар салу, апат жағдайындағы мектептер мен орын тапшылығын жою.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», — деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 мектеп салынған, олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.