Қазақстанда зейнетақы төлемдерін ЖТС-тен босату қашан қаралады

Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан (ЖТС) босату мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство қазіргі уақытта елдің Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынатын зейнетақы төлемдері табыс көзі ретінде жеке табыс салығымен (ЖТС) салық салынатын кіріске жататынын еске салды.

«Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде салықтық шегерімдер мен жеңілдіктерді ескере отырып, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу барысында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін ЖТС-тан босату ұсынылып отыр. Алайда жаңа Салық кодексінің қабылдануы 2026 жылға шегерілді», – деп хабарлады министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, бұл түзетулер күшіне енгенге дейін зейнетақы жинақтарынан төлемдер жасау кезінде ЖТС ұстау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетіні атап өтілді.

«Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында. Бұл құжат бойынша талқылаулар жүргізіліп жатыр, оған мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысады. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер тиісті заңдар күшіне енгеннен кейін пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылады», – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі.

Бұған дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алған жағдайда төлеуі тиіс жеке табыс салығынан босатылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.