Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі: ол кімдерге әсер етеді?

2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдері мөлшері өседі. Бұл туралы толық мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген тиісті қаржы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға артық индекстеледі.

«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланған; базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артатын болады.

Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері жыл сайын 5 пайызға индекстеледі.

«2025 жылы өскеннен кейін зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 32 360 теңге), ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 50 851 теңге) болады», — деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, алдағы өсім барлық 2,4 миллион зейнеткерге қатысты болатыны айтылды.

«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шеңберінде 2025 жылы зейнетақы төлемдеріне 4 231,3 миллиард теңге, оның ішінде жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне – 2 867,7 миллиард теңге, базалық зейнетақыға – 1 363,6 миллиард теңге көзделген», — деп толықтырды министрлік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.