Қазақстанда Ұлттық банк арнайы операция жүргізіп жатқаны рас па?

Ұлттық банк мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашу, сондай-ақ қызметтік куәліктерді қолдан жасауға байланысты жаңа алаяқтық схемалар пайда болғаны туралы хабарлайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде немесе ВКонтакте, Одноклассники, Facebook әлеуметтік желілерінде Қазақстан Ұлттық банкі басшылығының атынан жалған аккаунттар ашып, сол арқылы жаппай фишинг хабарламалар таратып жатқаны айтылды.

«Одан бөлек, олар өздерін Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкеріміз деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік жолдайды, қоңырауды бөтен адамдарға жалғап, банк аударымдарына арналған реквизиттер мен жалған қаржы құжаттарын көрсетеді.

Құқық қорғау органдарының немесе «Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерінің» атынан алаяқтар бұл схемаларды қаржы мекемелеріндегі «алаяқтарды ұстау», «арнайы органдардың жедел тексеру жүргізуі», сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен «арнайы операциясы» деген сылтаумен жүзеге асыруы мүмкін екенін еске саламыз», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды тексерілмеген аккаунттарға және күмәнді телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке мәліметтерін жария етпеуге, күмәнді сілтемелерге кірмеуге, бөтен адамдардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да бағдарламаларды орнатпауға шақырады. Себебі алаяқтар интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіріп, ақшаңызды шоттан шығарып алуы мүмкін.

«Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске салады.

Егер, сіз немесе танысыңыз алаяқтарға тап болса, арыз жазып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз», — делінген хабарламада.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.