Қазақстанда утильалымнан түскен ақша қайда кетеді?

Экология министрлігі Қазақстанда утильалымнан түскен қаржы қайда жіберілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін утильсборды алып тастауға қатысты петицияны жария талқылау барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев одан түскен ақша жіберілетін бағыттарды атап өтті.

«Бүгінде 160 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустар лизингін жеңілдікпен автокредиттеуді қаржыландыруға, 20 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы бойынша жеңілдікті лизингті қаржыландыруға, 200 миллиард теңге қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, орман шаруашылығы ұйымдары үшін өрт сөндіру машиналарын сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға, төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдарына арнайы техника, сондай-ақ автобустар сатып алуға 90 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы саласындағы көлік құралдарын өндірушілерге қайта өңдеу төлемдерін қайтаруға 215 миллиард теңге қарастырылған», — деді ол қоғамдық талқылау барысында.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.