Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының Қазақстандағы екінші АЭС салу алаңын анықтауға қатысты тапсырмасына түсініктеме берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бұл шешім жақын арада қабылданатынына сендірді.

«Екінші АЭС бойынша бізге алаңды анықтау тапсырылды. Бұл жақын арада жасалады. Алдын ала жұмыс жүргізілді, біз қоғам қайраткерлерімен де, экологиялық ұйымдармен де тиісті консультацияларды талдаймыз», — деді Сәтқалиев Астанадағы Энергетика министрлігінің брифингінде.

Энергетика министрі елімізде үшінші АЭС салу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

«Содан кейін үкіметке Қазақстанда АЭС құрылысының екінші және мүмкін үшінші алаңы бойынша шешім енгізілетін болады. Біз екінші станцияны қазірдің өзінде білікті әлеуетті сатушылардан біреу немесе консорциум салатынын көреміз, өйткені олар өте терең талдау жасады. Біз оларды Қазақстанда құрылыстың (АЭС) әлеуетті мердігерлері ретінде көреміз. Қуат орналастыру аймағына қарай анықталады», — деп толықтырды министр.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.