12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда тыйым салынған есімдер тізімі бар ма? Әділет министрлігі жауабы

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғата Уәли Қазақстанда тыйым салынған есімдер тізімі бар ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Соңғы уақытта Қазақстанда аты-жөнін өзгерткісі келетіндер көбейіп кетті. Бізде тыйым салынған есімдер тізімі бар ма?», — деп сұрады журналистер брифингте.

Талғат Уәлидің айтуынша, статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 12 мың адам тегін, атын және әкесінің атын өзгертеді. Заң бұған тыйым салмайды, бірақ белгілі бір талаптар бар.

«Яғни, адамдар «-ов», «-ев», «-вич», «-вна», «-ұлы», «-қызы» және т.б. қосымшаларын алып тастағысы келетін жағдайлар туралы. Бұған заңмен тыйым салынбаған. Бірақ оның талаптары бар. Егер адамның атында балағат немесе әдепсіз сөз болса, онда ол оны өзгертуге құқылы. Ол үшін тиісті мемлекеттік органға өтініш беру қажет. Мұны қаншалықты жиі жасауға болады — ешқандай шектеу жоқ. Қазақстанда тыйым салынған есімдердің тізілімі жоқ. Бұл үшін ата-ана жауап береді. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлері ата-аналарға ат қоюда кеңес бере алады, өйткені бұл этикаға қайшы келеді. Балаларға екі есім де қоюға болады — дефис арқылы немесе екі сөзден, бірақ екі сөзден аспауы керек. Міне осындай талаптар», — деп жауап берді Талғат Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.