Елімізде таксистердің жұмысына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде автокөлік туралы заңға такси жұмысының ережелерін өзгертетін түзетулер күшіне енеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен жылы Парламент қабылдаған жаңа түзетулер такси тасымалдаушылары мен таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларының қызметіне қатысты болмақ. 

Енді жаңа ережеге сәйкес: 

  • әкімдікке такси тасымалдау жөніндегі қызмет ұсынатыны туралы хабарлама берген жеке тұлғалар такси қызметімен айналыса алады;
  • такси тасымалдаушысы такси жүргізушісімен еңбек шартын жасасуға міндетті;
  • әкімдікке қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген жеке тұлға – такси тасымалдаушысын бақылау таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшасының операторына жүктеледі.

Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған такси жүргізушілері қалай бақылауға алынатынын айтқан болатын. 

Министрден такси жүргізушісінің жылдамдықты бұзғанын қалай анықтауға болады немесе қызметтен шеттетілгеніне қарамастан, көлігін әйелінің атына тіркеп, қайта қызметке шығатындар қалай анықталмақ деген сұрақ қойылды.

Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда 10 такси агрегаторы тіркелген, бірақ тек Indriver мен Яндекс ірі болып саналады. Көлік министрлігі олармен меморандумға қол қойған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.