Қазақстанда тағы бірнеше жол учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр

Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған, оларға сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:

  • Балқаш — Бурылбайтал;
  • Ақтау — Бейнеу;
  • Қандыағаш — Мақат;
  • Қостанай — Денисовка;
  • Таразды айналып өтетін жол;
  • Үшарал — Достық;
  • Шу — Бурылбайтал.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.