Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлап, Қазақстанда республика соттарының сот отырысын тікелей эфирде өткізу тәжірибесі жалғасып жатқаны атап өтілді.

«Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Сот отырысы Алматы ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі (трансляция сілтемесі қосымша беріледі).

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.