Қазақстанда сотталғандар үшін тағы бір тыйым енгізіледі

Қазақстанда бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған адамдарға тағы бір тыйым енгізіледі. Тиісті түзетулер бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдаған, денсаулық сақтау саласындағы артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған қазақстандықтардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы түзетулер енгізді. Осылайша, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза өтеп жатқандар да бәс тігуге, казиноларға баруға және жалпы құмар ойындар ойнауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, құжатта букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салу ұсынылды.

Жалпы, заң жобасы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және артық заңнамалық реттеуді жоюға бағытталған құқықтық нормаларды қамтиды. Мысалы, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін қарастыратын тәуелсіз сараптама комиссиясын қалыптастыру механизмін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.