Қазақстанда құмар ойын ойнаған мемқызметкерлерге айыппұл салына ма?

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілер құмар ойын мәселелері бойынша заңды бұзғаны үшін қалай жазаланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр шенеуніктер мен азаматтардың басқа санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу туралы норма, Сенат 27 маусымда мақұлдаған заңға енгізілгенін растады.

Тәртіп бұзушылар қалай жазаланады деген сұраққа ол былай жауап берді: жеңіл санкция болмайды.

«Егер мемлекеттік қызметші немесе әскери қызметші құмар ойынға қатысса немесе букмекерлік кеңсеге бәс тіксе, онда бұл жағдайда ол теріс себептермен атқаратын лауазымынан босатылады. Айыппұл санкциялары қарастырылмаған, мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай санкция жоқ», — деді Мирас Төлебаев.

Еске салайық, құмар ойындар, лотерея және лотерея қызметі туралы заңда азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.