Қазақстанда қанша бала мен ересек адам АИТВ жұқтырған?

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті елімізде қанша бала мен ересек адам АИТВ инфекциясын жұқтырғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша, АИТВ инфекциясының алдын алу орталықтарында есепте тұрған адамдар саны 32 231 болды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 372 бала бар», – деп хабарлады ведомство редакцияның сауалына жауап ретінде.

Министрлік мәліметінше, АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға динамикалық бақылау жүргізіліп, антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) аясында жүзеге асырылады.

«Бүгінде Қазақстан Республикасында 18 түрлі антиретровирустық препарат белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жекелеген санаттарына тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаторлық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілген. Бұл тізбе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бекітілген. АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балалар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы инфекция ошақтарындағы науқастар өмір бойы бір өндірушінің препараттарымен қамтамасыз етіледі», – деді министрлік өкілдері.

Антиретровирустық терапияның бірінші желісіне жататын препараттардың бір жылдық курсының құны – жылына 104 025 теңге. Ал дәрілік тұрақтылық дамыған жағдайда немесе бірінші желі препараттарына қарсы көрсетілімдер болған жағдайда тағайындалатын екінші желі препараттарының бір жылдық құны – 1 330 790 теңге.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...