Қазақстанда қанша ауыл жойылу алдында тұр?

Елімізде қанша ауыл бар және қаншасы жойылып кетті? Қанша ауылдық елді мекен жойылу алдында тұр? Олардың себептері қандай?

Massaget.kz тілшісі аталмыш сұрақтардың жауабын білу үшін Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдады. 

Ауылдар санына қатысты дерек

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 6208 ауылдық елді мекен бар. Соңғы 5 жылда ауылдар саны 6341-ден 6208-ге дейін немесе 133 бірлікке азайды. Мұның себебін ведомство 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiлетінімен түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен құрылған Алатау қаласына сол маңдағы 12 ауылдың біріктірілгені аталды. 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 3-тармағына сәйкес халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi. Мұндай АЕМ тұрғындары таратылған АЕМ-ге қоныс аудармай-ақ тұруын жалғастыра алады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жаңа Алатау қаласын құру туралы Жарлығына сәйкес Алматы облысында 12 ауыл Алатау қаласының құрамына енгізілді» деп жауап берді министрлік. 

Ауыл тұрғындарының азаюына не себеп?

Еліміздегі жалпы ауылдық жерлерде тұратын халық саны 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7,6 млн адамды құрайтыны аталды. Ал бұл ел халқының жалпы санының 38,4%-ын алып отыр.

«2019-2024 жылдар аралығында ауыл халқы 114 мың адамға азайып, қала халқы 1,8 млн адамға өсті. Ауыл тұрғындары үлесінің төмендеуінің негізгі себебі — урбанизация процестерінің өсу қарқыны» деп түсіндірді ведомство. 

Облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда халқының саны 50-ден аз, жалпы саны 14,6 мың адам тұратын 574 ауылдық елді мекен бар. Министрлік мемлекет тарапынан осы ауылдардың инфрақұрылымын қолдау, сондай-ақ халыққа базалық қызметтер көрсету сақталатынын айтты. 

«Шағын АЕМ (ауылдық елді мекен — журналист) (50 адамнан аз) ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрығы) сәйкес басқа елді мекендерге көшу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастыру, көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайлары қарастырылған» деп жауап берді министрлік. 

Ауылдарды қайта қалпына келтіру үшін қайтпек керек?

Ведомство шағын елді мекендерді қалпына келтіру үшін жаңа жұмыс орындарын құру және еңбекке қабілетті жас халықтың ағынын, сондай-ақ бизнесті және халықты (қоныс аударушылар мен қандастар) тарту қажеттігін айтты. 

Сонымен қоса, аталмыш мәселені шешу үшін жастарды аулыға тарту мақсатында «Дипломмен — ауылға!» жобасы іске асып жатқаны айтылды. Оған сәйкес ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге эжәне тұруға келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (көтерме жәрдемақы 100 АЕК, 2500 АЕК-тен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит) әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

«Кейіннен жұмыс орындарын құра отырып, бизнесті тарту үшін әртүрлі мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады («Ауыл Аманаты», АӨК субъектілерін субсидиялау, пайыздық мөлшерлеме және кредиттер бойынша кепілдендіру, өтеусіз мемлекеттік гранттар және жастарға шағын кредит беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу, «Бастау – бизнес» жобасы бойынша оқыту және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, ХӘОТ үшін гранттар) және еңбек күші артық өңірлерде көшіру бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда» деп қосты министрлік. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында бірде-бір құжаты жоқ ауыл барын жазған едік. Ақтаудың іргесінде орналасқандар 20 жылдан бері тұрғылықты жерін заңдастыра алмай, әлек болған. 

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.