Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие — Еңбек министрі жауап берді

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елде ең көп сұранысқа ие мамандықтарды атап өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстандағы барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы (52 пайыз) кәсіби немесе техникалық білімге ие. 2,3 миллион адам 2 мыңнан астам жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек етуде. Жұмысшы кадрлар ең көп қажет болатын салалар — көлік, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», —  деді министр.

Министрдің айтуынша, мұндай мамандарға сұраныстың жоғары болуы бос жұмыс орындарының көптігімен байланысты. Өткен жылы олардың саны 270 мыңнан асқан.

«Актуарлық модельдер негізінде жасалған болжамдарымызға сәйкес, алдағы жылдары жұмысшы кадрларға деген сұранысарта береді. Алдағы алты жылда кадрларға жалпы сұраныс шамамен 1,6 миллион адамды құрайды. Оның жартысынан астамы техникалық және кәсіптік білім алған мамандар болса, 400 мыңға жуық адам нақты жұмысшы мамандықтарына жатады», — деп атап өтті министр.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі «болашақ мамандықтарды» атаған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан алдағы жылдары қандай кадрларға мұқтаж болатыны туралы ақпарат жарияланған. Атап айтқанда, елге 93 мың бухгалтер, 77 мың күзетші және инкассатор, сондай-ақ, дәл сондай көлемде сатушы мен сатушының көмекшісі қажет. Одан бөлек, 44 мың жүргізуші, 35 мың қоғамдық пәндер мұғалімі, 33 мың орта буын медицина қызметкері, 32 мың тәрбиеші, 31 мың жаратылыстану пәндері мұғалімі, 30 мың кеңсе қызметкері және 26 мың бастауыш сынып мұғалімі қажет. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...