Қазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін

Қазақстандықтардың петициясын қараудың ең төменгі шегі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қоғамда петицияларды қарау шегін ұлғайту туралы мәселе көтеріліп жатыр, қазір ол — 50 мың қол.

«Бір-бірімен келіспейтін тараптар петицияны қарау үшін қолдар санын көбейту керек деген мәселелерді көтеріп жатыр. Біз, әрине, бұл ұсыныстарды қарастыруға мәжбүр боламыз. Біз қандай да бір сұрақтардың алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан азаматтардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қарау кезінде шекті ұлғайту керек деген мәселе көтеріліп жатыр», — деді Балаева Сенат кулуарында.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, E-Petition.kz порталында жарияланған қазақстандықтардың петициялары 50 мыңнан кем емес қол жинауы керек. Осыдан кейін олар үкімет деңгейінде қарастырылады. Сайт жұмыс істеген кезден бастап төрт петиция 50 мың дауыс жинап үлгерді.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.