Қазақстанда несиеге қатысты жаңа шектеулер енгізілмек

Қазақстан кепілсіз тұтынушылық несиелер мен шағын несиелердің шекті мөлшері шектелуі мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар банктерде және МҚҰ-да кепілсіз ресімдей алатын кредиттер сомасын шектеу ұсынылады. Екінші деңгейдегі банктерден кепілсіз кредит сомасын 2200 АЕК (8 122 400 теңге) дейін шектеу ұсынылады. Кепілсіз микрокредит бойынша — тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен (4 061 200 теңге) аспайды. Жаңа нормалар кепіл салынған несиелерге әсер етпейді.

Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.