Қазақстанда мұғалімге гүл беруге бола ма?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек қарсаңында ең танымал сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық тамыз саммитінің аясында Ғани Бейсембаевқа «оқушылар 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлай ала ма?» деген сұрақ қойылды.

Ғани Бейсембаев бұл жақсы дәстүр деп санайды.

«Тәттілер туралы ойлану керек, әркімнің тәттіге деген өз қалауы бар. Бірақ менің ойымша, оқушы сыйлаған гүл әрқашан да жағымды. Оқушылар әрдайым ұстаздарға шын жүректен, сүйіспеншілікпен және ризашылықпен гүл сыйлайды. Гүл туралы тақырыпты одан әрі талқылаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Гүлден артық сыйлық көрмеймін. Мен мұғалім ретінде мұғалім үшін шын жүректен сыйланған гүл керемет деп ойлаймын», — деп бөлісті министр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...