Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Министрлік жауабы

Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 2023 жылы көлік құралдарына салынатын салық түсімдері 90,1 миллиард теңге болған.

«Жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс шеңберінде бизнес-қоғамдастық өкілдері, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер, сондай-ақ көлік салығын қайта қарау мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен отырыстар мен талқылаулар өткізілгенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмысы аясында көлік құралдарына салық салудың қолданыстағы тетігін өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», — делінген Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Азамат Амриннің қолы қойылған жауабында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.