Қазақстанда кімдер ақылы жолдармен тегін жүре алады?

Қазақстанда жыл сайын ақылы жолдар саны көбейіп келеді. Алайда барлық жүргізуші жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге міндетті емес. Ақылы жолдармен кімдер тегін жүре алатынын Tengri Auto анықтады.

Арнайы қызметтер

Ең алдымен, маңызды мемлекеттік және әлеуметтік функцияларды орындайтын арнайы автокөлік құралдары төлемнен босатылады. Оларға мыналар жатады:

  • жедел медициналық жәрдем;
  • апаттық-құтқару қызметтері (төтенше жағдай орнына алғашқылардың бірі болып жететіндер);
  • құқық қорғау органдары – полиция және басқа құрылымдар;
  • қарулы күштер мен әскери құрылымдар;
  • көлік бақылау қызметтері (жол қауіпсіздігін қадағалайтындар);
  • ұлттық оператор және концессионерлер – ақылы жолдарды күтіп-ұстау және қызмет көрсетуге жауапты ұйымдар.

Қоғамдық көлік пен ауыл шаруашылығы техникасы

Ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат етілген:

  • қала маңына, сондай-ақ елді мекендер арасында, аудандық және облыстық орталықтарға тұрақты жолаушылар тасымалдайтын автобустар;
  • жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасы, егер олар бір ауданның ішінде су бөгеттерінен немесе теміржолдан өту үшін жүрсе.

Жергілікті тұрғындар

Ақылы жолдарға жақын орналасқан аудандардың тұрғындары да оларды тегін пайдалана алады, бірақ белгілі бір шектеулермен. Жеңілдік келесі көліктерге қатысты:

  • осы ауданда тіркелген жеңіл автомобильдер, егер олар бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қозғалса;
  • іргелес аудандарда тіркелген автобустар, егер олар бір аудан шегінде жұмыс істесе.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерекше жеңілдікке ие. Олардың жеңіл автокөліктері ақылы жолдармен жүру ақысын төлеуден босатылады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.