Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату: нені білу керек?

Көптеген қазақстандықты ескі көліктерді қалай және қайда кәдеге жаратуға тапсыру керек екені алаңдатады. Tengri Auto Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен істен шыққан көлікті қалай кәдеге жаратуға болатынын және ол үшін қанша алуға болатынын білді.

Қашан басталады?

Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату процесі 2024 жылғы 10 қазандағы №243 бұйрыққа сәйкес реттеледі. Қазіргі уақытта қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалып жатыр, содан кейін өтінімдерді қабылдау басталады. Алайда министрлік нақты күндерді атаған жоқ.

Автокөлікті қайда тапсыруға болады?

Кәдеге жаратуға өтінімдерді «Жасыл даму» АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы беру қажет. Қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалғаннан кейін, қабылдау пункттерінің өзекті тізімі оператордың ресми сайтында жарияланады.

Қандай көліктер қабылданады?

Кез келген жылғы және модельдегі автокөліктер кәдеге жаратуға қабылданады, бірақ негізгі құрамдас бөліктері: шанағы, есіктер, қозғалтқыш, беріліс қорабы және басқа да бөлшектер болуы шарт.

Кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін қанша алуға болады?

Ескі автокөлік иелері ақшалай төлемнің орнына көлік санатына байланысты жеңілдік сертификатын алады:

  • Жеңіл автокөліктер (М1) – 315 000 теңге
  • Салмағы 5 тоннаға дейінгі микроавтобустар (М2) – 550 000 теңге
  • 5 тоннадан асатын автобустар (М3) – 750 000 теңге
  • Салмағы 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері (N1) – 550 000 теңге
  • Салмағы 3,5-12 тонна аралығындағы жүк көліктері (N2) – 550 000 теңге
  • Салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктері (N3) – 750 000 теңге
  • Тракторлар – 560 000-1 000 000 теңге
  • Комбайндар – 1 500 000-2 000 000 теңге

Шешімді қалай даулау керек?

Егер көлік иесінде қабылданған шешімдерге қатысты сұрақтар туындаса, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым түсіре алады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.