12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда екінші жартыжылдықта шәкіртақы қалай өседі?

Екінші жартыжылдықтан бастап қазақстандық студенттер жаңа шәкіртақы алады. Олар қаншаға көтеріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, биылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны ұлғайту жоспарланғаны айтылған:

  • бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге, педагогика ғылымдары – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
  • магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (тиісінше 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге,
  • докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).

Бұрын қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, осы кезеңде шәкіртақы екі есеге өседі. Бұл ретте есептеулерде негізгі шәкіртақы ретінде 2020 жылғы шәкіртақы сомасы алынады. Мәселен, бакалаврлар үшін бұл сома 26 186 теңге болып, жыл сайын 20 пайызға артып отырады.

«Ұқсас есептеу механизмі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің шәкіртақысын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылады», — деп түсіндірді комитетте.

Жол картасын жүзеге асыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленген, ол қазір қаралып жатыр. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар ұлғайтылады:

  • оқытудың педагогикалық бағыттары мен «денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін;
  • жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін;
  • интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
  • магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
  • докторанттар – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • резидент дәрігерлер мен магистранттарды «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқыту – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.

Комитет мәліметінше, биылғы бюджетте шәкіртақыны ұлғайту үшін қаражат толығымен жоспарланған. Көбейту есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

«BAIQA, PIRAMIDA!»

Цифрлық технологиялар дамыған сайын адам өмірін жеңілдетуге бағытталған құралдар түрі күн санап көбеюде. Электрондық қызметтер, интернет-банкинг, онлайн сауда – мұның бəрі заман талабына сай қажеттіліктерге айналды. Алайда, бұл үдерістермен қатар көлеңкелі құбылыстар да қатар дамып жатыр.

Актуальные вопросы цифровой трансформации

В РАМКАХ КОНЦЕПЦИИ ПРЕЗИДЕНТА РК «ЗАКОН И ПОРЯДОК» СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ ПО ВОПРОСАМ ЦИФРОВИЗАЦИИ ОРГАНОВ ЮСТИЦИИ. ДАННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ГДЕ РАССМАТРИВАЛИСЬ ТЕМПЫ ВНЕДРЕНИЯ ЦИФРОВЫХ РЕШЕНИЙ В КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВОЙ СИСТЕМЫ, МЕРЫ ПО ПОВЫШЕНИЮ ПРОЗРАЧНОСТИ И ЭФФЕКТИВНОСТИ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, МОДЕРНИЗАЦИИ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ И РАСШИРЕНИЮ ДОСТУПА НАСЕЛЕНИЯ К ПРАВОВОЙ ПОМОЩИ, БЫЛО ПРОВЕДЕНО ПРЕМЬЕР-МИНИСТРОМ СТРАНЫ ОЛЖАСОМ БЕКТЕНОВЫМ.

Мемлекет басшысы МӘМС туралы заңға қол қойды

Заң денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды өзгертістерді көздейді.

Қазақстанда кеден жұмысы қалай өзгерді?

Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада 9 өткізу пунктіне толыққанды жаңғырту жүргізіп жатыр. Енді ескірген инфрақұрылым толығымен ауысып, заманауи өткізу пункттері пайда болады.

Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестті 210 мыңнан астам талапкер тапсырды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің шамамен 76,5%-ы тестті қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, ал 149 адам ағылшын тілінде тапсырған.