Қазақстанда екі АЭС қатар салына ма? Энергетика министрінің жауабы

Қазақстанда бірінші атом электр станциясының құрылысы екіншісімен қатар жүре ме? Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда электр қуатының болуы мүмкін тапшылығын ескеріп, энергия қуатын жедел енгізу қажет.

«Ядролық кластер жаңа қуаттарды енгізуге де, көміртегі ізін азайтуға да мүмкіндік туғызады, осылайша, біздің «жасыл» күн тәртібіндегі міндеттемелерімізді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты құрылысты қатар жүргізуге мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Бұл үшін бізде қажетті ресурс бар. Құрылыс әртүрлі алаңда жүргізіледі. Жалпы алғанда, мұндай сценарийді іске асыруға мүмкіндік бар», — деді Алмасадам Сатқалиев үкіметте өткен брифингте.

Еске салайық, мұның алдында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдум өткізіле ме?» деген сұраққа жауап берген еді.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында АЭС құрылысын тездетуді және екіншісіне орын іздеуді тапсырған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.