Қазақстанда бір бөлке нанның бағасы қанша болуға тиіс?

Қазақстанда бір бөлке нанның бағасы қанша болуы керек деген сұраққа Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы нарықтық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Алайда ведомство бағаның негізсіз өсуін болдырмауға күш салатынын жеткізді.

«Орташа нарықтық бағалар Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйене отырып анықталады. Біз сол орташа бағадан 15%-дан артық қосылмауын қадағалаймыз. Бұл ретте бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті жәрмеңкелер ұйымдастырып, арнайы шаралар қабылдаймыз», — деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Министрлік өкілдері атап өткендей, жәрмеңкелерде өнімдер делдалсыз сатылатындықтан, бағаның қолжетімді болуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорлары мен форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы нанның бағасын тұрақты деңгейде ұстау үшін шаралар қолға алынуда.

Бір бөлке нан қанша тұрады?

Қазіргі таңда Қазақстанда нанның бағасы әр өңірде әртүрлі. Орташа бағалар туралы ақпаратты Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан көруге болады. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы

Әлеуметтік азық-түлік бағасы - massaget.kz

© Кесте: Ұлттық статистика бюросының деректерінен / 10 желтоқсан

Министрлік нан бағасы мен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің құнын бақылау жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...