Қазақстанда армияға шақырылушылар санын арттыру жоспарланып отыр

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылушылар санын арттыруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Президенттің 1 ақпандағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын орындау үшін әскерге шақырылушылар санын көбейтеді.

«Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 39 180 қазақстандық әскер қатарына шақырылып жатыр.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.