Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.

«Оның ішінде ерлер — 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер — 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.

АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында тұрады.

Сондай-ақ, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінгені белгілі.

Айта кетейік, жақында Қазақстанға «АИТВ жұқтырғандар» терминінен бас тарту ұсынылды. «АИТВ жұқтырған адам» дегеннің орнына «АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адам» деп жазуды ұсынады. Бұл өзгеріс БҰҰ-ның АИТВ мәселелері бойынша құжаттар мен заңнамада терминологияны қолдану жөніндегі ұсынымдарына сәйкес енгізіліп отыр.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.