Қазақстанда АЭС-ті кім салуы мүмкін?

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станцияларын салу үшін қандай компаниялар технология жеткізуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 2019 жылы Қазақстан ең озық шетелдік атом технологияларын жеткізушілерден техникалық-коммерциялық ұсыныстар алған. Нәтижесінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Франциядан және АҚШ-тан алты сатушыдан 13 заманауи реактор жобасы таңдалды.

«Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін біз Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің әлемдік тәжірибесі мен ұсынымдары негізінде өзіндік бағалау жүйесін әзірледік. Кейін бұл жүйені әйгілі Assystem француз компаниясы мақұлдады», — деді Жантикин Үкімет отырысында.

Тізімге төрт әлеуетті жеткізушінің ұсыныстары енгізілді:

  • HPR1000 реакторы бар қытайлық CNNC компаниясы;
  • APR1000 және APR1400 реакторлары бар кореялық KHNP;
  • Ресейлік Росатом, ВВЭР-1200;
  • EPR1200 технологиясы бар франциялық EDF.

«Референдум қорытындысы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда келесі маңызды міндет атом технологиясының нақты жеткізушісін таңдау және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлеу болады. Қазақстанның болашағы атом энергетикасымен тығыз байланысты екені сөзсіз», — деді Жантикин.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдум өткізудің Үкімет қаулысының Жарлық жобасын Президент әкімшілігінің қарауына жіберуді тапсырғаны хабарланды.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.