Қазақстанда 7 миллиард теңге болатын тендерлер күші жойылды

СҚО прокурорлары мемлекеттік сатып алуларды «бұзды», — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураға сілтеме жасап.

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу деректері анықталды.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу» және «ҚР сәулет-қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, сомасы 3,6 миллиард теңгеге жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген.

Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) талаптарына қайшы, аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей сомасы 57,8 миллион теңгеге сатып алу жүргізген.

Есіл ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Заңның 21-бабын бұза отырып, сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 миллион теңге сомасында көмір сатып алуды жүзеге асырған.

Қадағалау органының наразылығына байланысты жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 20 мемлекеттік сатып алуды бұзып, нәтижесінде 7,1 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7-і мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, 4-і жұмыстан босатылды және 3-і толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.